"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА-ДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШІСІ БОЛДЫ

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әбдікәрімов Сержан Оралбайұлы болды.

Кездесу барысында қонақ "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының қызметімен, сондай-ақ оның қатысушыларына берілетін ерекше жеңілдік шарттарымен танысты.

Сонымен қатар, Елші жұмыс сапары аясында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағындағы мекемелердің - "Азерсун өндіру және логистика орталығы" ЖШС азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қойманың және "Ақтау ЭнергоМаш" ЖШС трансформаторлар мен кабельдер шығаратын зауыттың қызметімен танысты.

Соңында Елші жылы лебізін білдіріп, "Ақтау теңіз порты" АЭА шетелдік инвесторлар үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Желілерде бөлісу:

  • 1439